• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 17.02.2025
  • 3

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Қазақстанның білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың өз болашағын саналы түрде қалыптастырып, дұрыс мамандық таңдауына ықпал ететін маңызды бастама болып табылады.

Осы орайда, колледж оқытушылары №176 орта мектебінде Л.Аханова,Н.Ергешбаев атындағы 172 орта мектебінде А. Пахрадин және Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінде М.Алтынбасов жетекшілігімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, №215 орта мектептде Ж.Отаров, №253 орта мектебінде М.Маликова, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінде А.Сәкенова өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Одан әрі, №267 мектеп-лицейінде С.Раев пен Б.Қамбарбек №271 орта мектебінде А.Әбділақатова және Н.Бейсембай атқарған жұмыстар, М. Дүйсенов атындағы мемлекеттік жалпы білім беру №15 мектеп-лицейінде А.Дильманова М.Шоқай атындағы №187 ақпараттық технология мектеп-лицейінде Мергенова Г. және Ж.Кизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде Тәуекел Б. жетекшілігімен өткізілген іс-шаралар оқушыларға мамандық әлемімен танысуға, өздерінің қабілеттері мен мүдделерін анықтауға ықпал етті.

Колледж оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушыларға заманауи еңбек нарығы талаптарына сай өз білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыс еліміздегі білім беру сапасын арттырып, жас ұрпақтың өз болашағына сенімді қадам басуына зор үлес қосады.