
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
«ORDA» жоғары колледжінде «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ есірткі құралдарының, оның ішінде синтетикалық заттардың заңсыз айналымы туралы мағлұмат беру және қыз балалар тәрбиесінің өзектілігін талқылау.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты:
Асанбаева Айгүл Жетесқызы – Қызылорда қалалық полиция басқармасының ЖПҚб Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция капитаны. Ол кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұсақ құқық бұзушылықтар, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру сияқты мәселелерге тоқталып, олардың салдары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, қыз тәрбиесі мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Қанибаев Жарылқасын Сұлтанбекұлы – ҚПБ ЖПҚб ЮПб учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны. Өз баяндамасында синтетикалық есірткі заттарының таралу жолдары мен олардың заңсыз тасымалдануы, сақталуы, таралуы үшін қарастырылатын жаза түрлері туралы нақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, бұл қылмыстың жастар арасында таралуының алдын алу жолдарын түсіндірді.
Жандосова Айзада Сұлтанбекқызы – Жастар денсаулық орталығының маманы. Ол жасөспірімдердің психологиялық саулығы, зиянды әдеттерден сақтану, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына деген жауапкершілік туралы кеңестер берді.
Сейлханова Аружан Арманқызы – Қалалық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі. Жастар арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары, пайдалы бастамаларға қатысу және уақытты тиімді өткізу туралы ақпаратпен бөлісті.
Іс-шара барысында студенттер мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.