
“ЖЕҢІСКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай колледжімізде "Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер" бөлімінің ұйымдастыруымен «Жеңіске жол» атты патриоттық акция өткізілді. Акция студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлікті дәріптеуді мақсат тұтты.
Акция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – «Кинотайм» форматында өтті. 1-курс студенттері колледждің АКТ залында «28 Панфиловшылар» көркем фильмін тамашалады. Фильм барысында студенттер соғыс жылдарындағы жауынгерлердің батырлығымен танысып, олардың отан алдындағы жанқиярлық ерліктеріне терең үңіле алды.
Екінші бөлім – интерактивті танымдық викторина түрінде ұйымдастырылды. Студенттері Kahoot платформасы арқылы өз білімдерін сынап, Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған тест тапсырмаларын орындады. Бұл кезең қатысушылардың тарихи деректерді меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында студенттер патриоттық әндерді орындап, ерлік пен рухты ұлықтады.