
ЖАТ АҒЫМҒА ЖОЛАМА!
Қазіргі таңда діни жат ағымдардың жастар санасына кері әсер ету қаупі жоғары. Осыған байланысты студенттерді сақтандыру және олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-танымдық сабақ өткізілді. Сабақты Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы жүргізді.
Шара барысында маман діни экстремизмнің алдын алу, теріс идеологиялардан сақтану және олардың психологиялық ықпал ету әдістері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, жат ағымдардың белгілері, оларды тану жолдары және жастарды арбау тәсілдері талқыланды. Қойшыбаева Қарлығаш Балтабайқызы жастарға ақпаратты сын көзбен қарап, шынайы дереккөздерге сүйенудің маңыздылығын түсіндірді.
Студенттер қызығушылық танытып, көкейдегі сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар жастарды теріс пиғылды идеологиялардан сақтандырып, олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.