
WORLD SKILLS KYZYLORDA - 2025: ЖАС МАМАНДАР БӘЙГЕСІ
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде “WorldSkills Kazakhstan - 2025” облыстық кәсіби шеберлік конкурсы аясында «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша кәсіби байқау ұйымдастырылды. Аталған сайысқа өңірдегі 6 колледждің үздік студенттері қатысып, өздерінің педагогикалық шеберлігін, әдістемелік дайындығын және болашақ маман ретіндегі кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша “ORDA” жоғары колледжінің 2 курс студенті Жұмабек Ақниет Сұлтанқызы жоғары нәтижемен II орынды иеленіп, кәсіби білімін, шығармашылығын және болашақ мұғалім ретіндегі әлеуетін жоғары деңгейде дәлелдеді.
Жетекшісі - Алибаева А.Е