• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.06.2025
  • 30

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ - 2025: ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында қаламыздағы №215 және №218 орта мектептерінде кәсіби білім беру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шараны колледж оқытушылары А.Сейтжанов пен Б.Тәуекел жүргізіп, оқушыларға мамандықтар әлемі туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында оқытушылар қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және кәсіби дағдыларды дамыту жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға әр мамандықтың ерекшеліктері, оқу бағдарламалары, практикадан өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет берілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдау барысында ескеретін маңызды факторларды түсінді. Колледж оқытушылары жеке қабілеттер мен қызығушылықтарды ескере отырып, саналы таңдау жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары жастардың болашағын айқындауда маңызды рөл атқарады. Оқушыларға нақты ақпарат беру арқылы олардың мамандық таңдауын жеңілдетіп, болашаққа сеніммен қадам басуына ықпал етеді.