• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 07.05.2025
  • 2

“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ 7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ



7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай “ORDA” жоғары колледжінде елдік пен ерлікті дәріптейтін кеш өтті.

Кеш шымылдығын колледждің ардагер ұстазы М.Шайхисламұлы ашып, барша әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Ардагер ұстаз өз сөзінде ер-азаматтың қоғамдағы рөлі, отбасы мен Отан алдындағы міндеттері жөнінде терең ой қозғап, ұрпаққа үлгі боларлық парасатты пікірлерімен бөлісті.

Колледж директоры Г. Досжанова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымдағы ер азаматтарды төл мерекесімен жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде: “Ел үшін адал қызмет ету – әр салада көрініс табуы тиіс. Білім беру жүйесінде ер азаматтардың орны ерекше. Олар – ұрпақ санасына елге деген сүйіспеншілікті сіңіріп, жауапкершілік пен рухани беріктікке баулитын тұлғалар,” – деп атап өтті.

Кеш соңы мерекелік қойылым, ән-күймен жалғасын тапты.

Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат пен шығармашылық табыс тілейміз!
Еліміздің болашағы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!