• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.02.2025
  • 3

ҚАУІПТІ ХОББИ ЖӘНЕ СЕРУЕНДЕУ ОРЫНДАРЫ

Мех-9-13г оқу тобында топ жетекшісі Г.Таскинбаева «Қауіпті хобби және серуендеу орындары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Сабақ барысында қауіпті хобби адамның физикалық немесе психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін, бірақ сол арқылы адреналин мен ерекше әсер алуға мүмкіндік беретін әуестік ретінде түсіндірілді. Экстремалды спорт түрлері, қауіпті жерлерде серуендеу және басқа да тәуекелге толы әрекеттердің артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты талқыланды. Студенттер қауіпті хоббидің, әсіресе, адреналинге деген тәуелділік, қорқынышты жеңуге ұмтылыс және ерекше әсер алудың әсерінен пайда болатынын ұқты.

Осыдан бөлек, топ кураторы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттерге қауіпті әрекеттердің алдын алу үшін қауіпсіз спорт түрлерін, шығармашылықпен шұғылдануды және табиғат аясында ұйымдастырылатын, қауіпсіздік шаралары сақталған серуендеулерді таңдауды ұсынды. Сонымен қатар, топта болу, жоспарлы түрде әрекет ету және төтенше жағдайларда қандай қадамдар жасау керектігі туралы практикалық кеңестер берілді.

Сабақ соңында студенттер өздерінің пікірлерімен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау мен өз денсаулығын қорғаудың қаншалықты маңызды екенін терең түсінді.