
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
2025 жылдың 29-30 сәуір күндері Қазалы ауданы, Қазалы аграрлық техникалық колледжінің базасында WorldSkills ұлттық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылған байқауға Қызылорда облысының алты колледжі қатысты.
«ORDA» жоғары колледжінің намысын қорғаған Серікбай Айбол Мырзаханұлы кәсіби шеберлігін, зейінділігін, жауапкершілігін көрсетіп, байқауда І ОРЫН иеленді. Жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Отаров Жанболат Оразбекұлының еңбегі мен қолдауы бұл жеңісте үлкен рөл атқарғаны сөзсіз.
Айбол мен жетекшісі Жанболатты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық кезеңде де сенімділікпен, табандылықпен, өз істеріңнің майталманы ретінде биіктен көрінулеріне тілектеспіз!