
“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
Болашақ мамандық таңдау – әрбір оқушы үшін маңызды қадам. Осы орайда, “ORDA” жоғары колледжінің өкілдері кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Кезекті кездесу Қызылорда қаласындағы №7, №264 мектеп-лицейлерінде және Қарауылтөбе ауылдық округіндегі №179 орта мектепте өтті. Бұл іс-шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, олардың болашақ кәсіби бағытын анықтауға көмектесетін маңызды ақпараттар берілді.
ХКәсіби бағдар беру жұмысын жүргізген Р.Ибрагимова, Ж.Тоқатаева, А.Бекенова және Ж.Сәндібековалар “ORDA” жоғары колледжіндегі оқу бағдарламалары, білім алу мүмкіндіктері, гранттар мен шәкіртақылар, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу перспективалары туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждегі мамандықтар туралы толық мағлұмат алды. Әсіресе, білім, экономика, ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету салаларына қызығушылық жоғары болды.
Мұндай кездесулер жас түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді. “ORDA” жоғары колледжі кәсіби бағдар беру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады!