
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауы аясында еліміздің ең үздік студенттері марапатталды.
Осы мәртебелі байқауда “ORDA” жоғары колледжінің студенті, білімге құштар, арманы айқын, талабынан талай үміт күттіретін шәкіртіміз Бекарысова Маржан
«ҮЗДІК СТУДЕНТ» атанып, колледж абыройын республика көлемінде асқақтатты!
"ORDA" жоғары колледжі атынан Маржанды шын жүректен құттықтаймыз! Сенің бұл жетістігің – талай жасқа үлгі, мотивация, колледж ұжымына – мақтаныш! Жеңіс шыңдарынан көріне бер!
Маржанды үлкен додаға қосып, баптаған жетекшісі колледж оқытушысы Т.Орынбасарға "Talap" KeAҚ президенті С.Татибековтің сертификаты табыс етілді.