• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.02.2025
  • 3

КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТҮНГІ РЕЙДТІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ

14-15 ақпан күндері “ORDA” жоғары колледжінің оқытушылары құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп, түнгі рейдке шықты. Түнгі рейд жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта заңсыз әрекеттердің болмауын қадағалау мақсатында ұйымдастырылды.

 Рейд барысында атқарылған жұмыстар:

 Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің қоғамдық орындарда заңға қайшы жүрмеуі қадағаланды.
 Межелі уақыттан тыс жүрген студенттер үйлеріне қайтарылды.
 Оларға заң талаптары мен түнгі уақытта көшеде жүрудің қауіптілігі түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі олардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, түрлі заңсыз әрекеттерге ұрынуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мұндай алдын алу шаралары тәртіпті нығайтуға, студенттердің жауапкершілігін арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

⚠ Естеріңізде болсын! ҚР заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандар ата-анасының немесе жауапты ересек адамның қарауынсыз түнгі 23:00-ден кейін көшеде немесе қоғамдық орындарда болмауы тиіс.