• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.02.2025
  • 3

ЖАСӨСПІРІМ ШАҚТАҒЫ ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Ерте жүктіліктің алдын алу – қазіргі қоғамда аса маңызды және өзекті мәселелердің бірі. Бұл тек жасөспірімнің жеке өміріне ғана емес, оның болашағына, денсаулығына және әлеуметтік жағдайына да айтарлықтай әсер етеді. Осыған орай, ББ-9-14Г оқу тобының ұйымдастыруымен, топ тәлімгері Төсбай Н. жетекшілігімен жасөспірім шақтағы ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаты барысында жүктіліктің себептері мен салдары, оның жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағына әсері талқыланды. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың ең тиімді жолы – дұрыс ақпарат алу және жауапкершілікті сезіну. Ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы ашық диалог, жыныстық тәрбие жөніндегі білімнің маңыздылығы айтылды.

Тақырыпқа орай студенттер өз ойларымен бөлісіп, маңызды ақпарат алды. Осындай кездесулер жастардың саналы таңдау жасауына және болашақтарына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.