
«СЕН ЕРЕКШЕСІҢ” АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
28 сәуір күні колледж студенттері арасында ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу және жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында “Сен ерекшесің” атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингке арнайы келген қонақтар:
Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы – Облыстық жастар денсаулығы орталығының маманы,
Төремұрат Нұрай Төремұратқызы – Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы,
Тулеубай Аяжан Алтынбекқызы – Облыстық психикалық денсаулық орталығының педагог-психологы студенттермен ашық әңгіме өткізіп, өмірлік маңызды тақырыптар бойынша құнды кеңестер мен тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе, денсаулықты сақтау, қиын сәтте қолдау іздеу, өзін-өзі бағалау туралы айтылған сөздер жастардың жүрегіне жетті.
Мамандар студенттерге ерте жүктіліктің медициналық және психологиялық салдары, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу механизмдері, репродуктивті денсаулықты сақтау қағидаттары туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынды.
Өткізілген іс-шара студенттердің өз денсаулықтарына саналы түрде жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінулеріне мүмкіндік берді.