• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.04.2025
  • 5

“Желілік және жүйелік әкімшілендіру” құзыреттілігі бойынша облыстық іріктеу кезеңі өтті.

21-22 сәуірі аралығында ORDA жоғары колледжінің базасында WorldSkills Kazakhstan-2025 республикалық чемпионатына арналған “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” құзыреттілігі бойынша облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Жарысқа Қызылорда облысынан 4 колледж қатысып, қатысушылар 3 модуль бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін сынады. Нәтижесінде төмендегідей үздіктер анықталды:

 І орын - Бисембай Нұрхан, ORDA жоғары колледжі.
Сынға түсушілер арасынан оқ бойы озып шыққан Нұрхан Республикалық чемпионатқа жолдама алды

 ІІ орын - Оңталап Әділет, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі;

 ІІІ орын - Идиатулла Наурызбек, «Болашақ» университетінің жоғары колледжі
Нағымет Нұрбақыт Берікұлы – Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!