• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.04.2025
  • 2

СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ



Қызылорда облыстық “Жастар ресурстық орталығы” мен “ОРДА” жоғары колледжінің ұйымдастыруымен патриоттық кездесу кеші өтті. Шара әскери қызметті насихаттауға, жастардың рухын көтеруге, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.

Кездесуге Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Жақып Алмат Алмасұлы спикер ретінде шақырылып, әскери қызметтің маңызы мен берер мүмкіндіктері жайында кеңінен әңгімеледі. Студент жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жан-жақты мағлұмат алды.

Шара аясында “Жас сарбаз” әскери-патриоттық үйірмесінің жұмысы да таныстырылды. Үйірме жастарды саптық дайындыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа баули отырып, елге деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында жұмыс жүргізеді. Бұл үйірмееі болашақ сарбаздардың алғашқы қадамы десе де болады.