• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 27.02.2025
  • 3

ҚТ-9-14г оқу тобында “Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбындағы студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайту мақсатында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаты барысында құқықбұзушылықтың түрлері, олардың салдары және алдын алу шаралары талқыланды. Студенттер заңға бағынудың қоғам тұрақтылығына тигізетін ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, құқықтық жауапкершілік пен азаматтық ұстаным мәселелері көтеріліп, студенттер өз көзқарастарын ортаға салды. Дайындалған видеоролик көрсетіліп, оның мазмұны талқыланды.

Топ жетекшісі: Ж.Сәндібекова