• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.03.2025
  • 6

ШӘКІРТІМІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

БЕКАРЫСОВА МАРЖАН КУРАЛАЛБЕКОВА - Қызылорда қаласы «ORDA» жоғары колледжінің 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының ІІ курс студенті, 4S01140701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі біліктілігінің болашақ маманы.

Маржан колледжге келген алғашқы күнінен бастап өзінің білімге деген құштарлығы, шығармашылыққа жақындығы және белсенділігімен ерекшеленген дарынды студент. Оның жан-жақтылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігі ақындық қабілеті мен актерлік шеберлігінен де айқын көрінеді.

Білім мен өнерді қатар ұштастыра білген шәкіртіміз колледжішілік, қалалық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі байқауларда топ жарып, талай жетістікке жеткен. Әрбір жеңісі – оның тынымсыз еңбегі мен алға ұмтылған асқақ армандарының нәтижесі.

Маржанның бойындағы талап пен талант оны биік белестерге жетелейтініне сенімдіміз! Алдағы дүбірлі дода – «Үздік 100 студент» республикалық байқауында сәттілік серік болсын! Жарқын жеңістерің көп болсын, Маржан!

Сіз де біздің дарынды студентімізге қолдау білдіріп, жылы лебізіңізді қалдыра кетіңіз!