• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.06.2025
  • 22

«ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ – КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ – КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

2025 жылдың сәуір айында «ORDA» жоғары колледжінде өткен «Халықаралық тәжірибе – колледж кеңістігінде» атты халықаралық семинар аталмыш білім ордасының кәсіби және ғылыми әлеуетін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

«ORDA» жоғары колледжі бүгінде аймақтық деңгейден асып, ұлттық әрі халықаралық деңгейде өзіндік орны бар бренд колледжге айналды. Бұл атау – жай ғана мәртебе емес, сапаға деген ұмтылыстың, тұрақты дамудың және жаңашылдыққа ашықтықтың нәтижесі. Колледждің серіктестері қатарында Түркия, Қырғызстан, Германия сияқты елдердің білім беру ұйымдарының болуы – халықаралық танылудың нақты көрінісі.

Жас ұрпақты кәсіби жолға бағыттап, сапалы білім мен рухани құндылықтарды ұштастыра отырып тәрбиелеу – колледж ұжымының басты мақсаты. Осындай үздіксіз даму, білім мен мәдениет тоғысында өрбіген жүйелі жұмыс «ORDA»-ны еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру кеңістігіндегі көшбасшылардың біріне айналдырып отыр.

Семинардың жоғары деңгейде өтуі колледждің халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтінін, үнемі жаңалыққа ұмтылатынын, инновациялық көзқарастарды білім кеңістігіне енгізуде белсенді екенін көрсетті. Осы арқылы «ORDA» жоғары колледжі өзін кәсіби білім беру саласындағы көшбасшы колледж ретінде тағы да мойындатты.