
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ - 2025
Болашақ мамандықты таңдау – әрбір түлек үшін маңызды әрі жауапты қадам. Осыған орай, 271 Байұзақ Ермекбаев атындағы орта мектебінде 9-сынып негізіндегі оқушыларына арнайы пән оқытушылары А.С. Әбділақатова мен Бисенбай Н.Б. кәсіби бағдар беру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға заманауи кәсіптердің ерекшеліктері, оқу орындары мен мамандық таңдаудағы негізгі бағыттар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, колледжде оқудың артықшылықтары, болашақ мамандықтардың қоғамдағы маңызы, еңбек нарығындағы сұраныс және студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы әңгімеленді.
Арнайы пән оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.