
“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жастардың денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауы – маңызды мәселе. Осы орайда “ORDA” жоғары колледжінде қыз балаларға арналған “Ерте жүктілікті болдырмау жолында жастарға бағыт-бағдар беру” тақырыбында әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кездесуі ұйымдастырылды.
Кеңес беруге арнайы шақырылған “Али-Нұр” клиникасының акушері Жүсіп Гүлназ жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, ерте жүктіліктің әйел ағзасына әсері және оның алдын алу жолдары туралы түсіндірді. Облыстық психологиялық қолдау орталығының психолог маманы Бабаомарова Гүлдана жасөспірімдердің психологиялық күйзелістері, өзін-өзі тану, саналы шешім қабылдау және эмоционалдық тұрақтылық тақырыптарында маңызды ақпаратпен бөлісті.
Кездесу интерактивті форматта өтті. Қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Ашық пікір алмасу барысында қыздар өмірлік маңызды ақпаратпен танысып, өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінді. Мұндай шаралар жастардың саналы шешім қабылдауына, өз денсаулығы мен болашағына оң көзқарас қалыптастыруына ықпал ететіні сөзсіз.