
ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ
Колледжімізде “Ұшқыр ой” дебат клубы үйлестірушісінің ұйымдастыруымен “Лудомания-қоғамның дерті” тақырыбында пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс барысында қатысушылар лудоманияның – адамның өз өміріндегі, кәсіби саласындағы және қаржылық тұрақтылығындағы ойындарға деген күшті тәуелділік сезімінің – психологиялық жағдай екенін, оның теріс салдарын және қоғамдағы қауіп-қатерін талқылады. Сонымен қатар, жастар арасында ойынға деген қызығушылықтың артуының себептері мен салдарын, ойынның қауіптілігі, тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ осындай тәуелділіктен туындайтын мәселелерді алдын алу мен емдеудің мүмкін жолдары туралы өз көзқарастарын ортаға салып, дебат барысында тиімді шешімдер мен ұсыныстар жасауға талпыныс танытты.
Білім алушылардың зерттей, зерделей отырып өткізген пікірсайысы жастарды өз мәселелерін терең түсініп, жан-жақты талдау мен саналы шешім қабылдауға ынталандырды.