• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.04.2025
  • 5

ТІЛІ БАСҚА, ТІЛЕГІ БІР ЖҮРЕКТЕРДІ БІРІКТІРГЕН ФЕСТИВАЛЬ



17 сәуірде «ORDA» жоғары колледжінде өткен «Халықаралық тәжірибе – колледж кеңістігінде» тақырыбындағы халықаралық семинардың соңы – түрлі елден келген қонақтар мен студенттер бас қосқан «Тілі басқа, тілегі бір» халықаралық фестивалімен қорытындыланды.

Шараның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұлттар арасындағы достықты нығайту, бірлік пен келісімді насихаттау.

Фестиваль барысында 16,17 сәуір күндері ұлттық ойындар мен спорт түрлері көрсетіліп, қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты. Көпшіліктің назарын аудартқан ерекше сәт – «Достық ағашының» егілуі. Түркия, Қырғызстан және Германиядан келген қонақтармен бірлесе егілген бұл ағаш – болашаққа деген сенім мен халықтар арасындағы достықтың символына айналды.

Сонымен қатар киізден бұйым жасау бойынша шеберлік сағаттары, сурет көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар диірмен тартып, күбі пісіп жатқан қазақы тұрмысты көзбен көріп, ыстық бауырсақтан дәм татты. Түрік, қырғыз және неміс студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық әндерін орындады. Ал колледж студенттері де өз өнерлерін паш етіп, достықтың сәнін кіргізді.

Бұл фестиваль – әртүрлі ұлттардың өкілдері бір жерде бас қосып, бір-бірінің мәдениетін танып, құрметтейтінін көрсететін тамаша үлгі болды. Тілі басқа болса да, тілегі ортақ халықтар арасындағы осындай кездесулер – болашаққа бастар бейбіт жолдың негізі екені сөзсіз!