
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
ЕТ-9-14г оқу тобында студенттердің есірткіге қарсы сауаттылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген жауапкершілігін нығайту мақсатында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында нашақорлықтың түрлері, олардың адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны, сондай-ақ есірткіден сақтану және оның алдын алу жолдары кеңінен қарастырылды. Студенттер есірткінің тек жеке адамға ғана емес, тұтас қоғамға тигізетін қауіптері туралы пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, студенттерге есірткінің таралу жолдары, оған қатысты мифтер мен шындықтар туралы ақпарат берілді. Жиын барысында дайындалған арнайы видеоролик көрсетіліп, оның мазмұны жан-жақты талқыланды.
Топ жетекшісі: А.Алимова