• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 19.04.2025
  • 5

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДАҒЫ КӨРМЕ – БІЛІКТІЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ



2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, 2025 жылғы 17 сәуірде “ORDA” жоғары колледжінде өткен «Халықаралық тәжірибе – колледж кеңістігінде» атты халықаралық семинар аясында жұмысшы мамандықтарға арналған кең көлемді көрме ұйымдастырылды. Бұл шара – техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін танытуға, студенттердің кәсіби дағдыларын көрсетуге арналған бірегей алаң болды.

Көрмеге құрылыс, дәнекерлеу және ағаш өңдеу, газбен қамту, жылу энергетикасы, электрмен қамтамасыз ету, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және тігін өндірісі мамандықтарының жұмыстары ұсынылды.

Көрмеге құрылыс, дәнекерлеу және ағаш өңдеу, газбен қамту, жылу энергетикасы, электрмен қамтамасыз ету, автокөлікке техникалық қызмет көрсету және тігін өндірісі мамандықтарының жұмыстары ұсынылды.

Көрме аясында «Электроника» құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл рәсімге арнайы қатысқан:
Түркия Республикасының Қазақстандағы Бас консулдығының білім атташесі Айхан Коркмаз;
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшысының орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы – орталықтың тұсауын кесіп, құттықтау тілектерін білдірді.

Бұл көрме – студенттердің тек теориялық емес, нақты еңбек нарығына бағытталған тәжірибелік дағдыларын көрсетуге үлкен мүмкіндік болды. Сонымен қатар, көрмеге қатысқан халықаралық делегация өкілдері ORDA колледжіндегі білім мен өндірістің интеграциясы деңгейін жоғары бағалады.