• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.03.2025
  • 4

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ САҒАТЫ ӨТТІ

19 наурыз күні “ORDA” жоғары колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында “Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар” тақырыбында құқықтық түсіндірме сағаты өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға:

 Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Ахметова Ляззат Сүндетқызы;
Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Алдабергенов Нұрбол Нұрланбекұлы;
Колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы қатысты.

Кездесу барысында спикерлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен олардың салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Әсіресе, қоғамдық орындардағы тәртіп, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруі, мектептегі және көшедегі буллинг, сондай-ақ киберқылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Полиция қызметкерлері студенттерге әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіріп, шынайы өмірден алынған мысалдар арқылы заң бұзудың салдарын нақты көрсетті.