
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Қоғамның дамуы мен әділеттіліктің салтанат құруы – жастардың саналы ұстанымына тікелей байланысты. Осы орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхана ұйымдастыруымен «ORDA” жоғары колледжінде “Жемқорлыққа жол жоқ” атты тәрбие сағаты өтті. Аталған аға кітапханашы Ш. Кулмағанбетова және кітапханашы Ж. Ералиева және колледж кітапханашысы А. Рахметова жетекшілік етті.
Жастар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың зияндығын түсіндіру және оған қарсы күрес жолдарын талқылау мақсатында өткен тәрбие сағатына ББ-9-14Г оқу тобы қатысып, жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері туралы мағыналы пікір алмасты.
Бүгінгі студент – ертеңгі ел тұтқасы. Сондықтан олардың бойында адалдық, жауапкершілік, әділдік сынды қасиеттердің қалыптасуы өте маңызды. Жемқорлықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір саналы азаматтың міндеті.
“Жемқорлыққа жол жоқ” – жай ғана ұран емес, бұл әр азаматтың ұстанымы болуы тиіс. Адал қоғамды бірге құрайық!