
ВАНДАЛИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ!
Қоғамдық тәртіп – әрбір азаматтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың басты кепілі. Алайда, кейде осы тәртіпті бұзатын келеңсіз әрекеттер кездеседі. Солардың бірі – вандализм. Бұл – қоғамдық орындарға, мәдени және тарихи ескерткіштерге, адамдардың жеке меншігіне әдейі залал келтіру. Осындай заңсыз әрекеттер көбіне жастар арасында орын алып, олардың санасындағы мәдениетсіздік пен жауапкершіліктің төмендігін көрсетеді.
Осы мәселені талқылау және алдын алу мақсатында Шт-9-12г және Мт-13г оқу топтарында “Вандализмге жол жоқ!” тақырыбында арнайы түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттерге вандализмнің нақты мысалдары көрсетіліп, оның салдары туралы видеоролик ұсынылды. Сонымен қатар, жастар арасында қоғамдық орындарға, мәдени және тарихи құндылықтарға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша пікір алмасылды.