АБАЙ МҰРАСЫ – БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ РУХАНИ ТҰҒЫРЫ
14 қараша күні Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мен Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі бірлесіп, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша облыстық командалық кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырды. Байқау «Абай мұрасы – болашақ педагогтің рухани тұғыры» тақырыбында өткізіліп, жас мамандардың кәсіби дайындығын, шығармашылық әлеуетін және рухани құндылықтарға негізделген педагог тұлғасын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында қатысушы командалар төрт негізгі модуль бойынша сынға түсті:
Модуль А1 – 4-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және жаңа тақырыпты ашуда қолданылатын сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер бойынша 4 тәсіл дайындау.
Модуль А2 – жоспар құрылымы бойынша сұрақ-жауап кезеңі.
Модуль В – эстетикалық, экологиялық немесе адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс шараның интербелсенді жабдықтар көмегімен панорамалық түрде көрсетілуі.
Модуль С – үй тапсырмасы ретінде «Менің мамандығым – менің болашағым» атты бейнеролик дайындау.
Байқауға өңірдегі 6 колледж қатысып, нәтижесінде үздік командалар анықталды:
I орын – «Кемел сана» тобы (М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі), жетекшісі: Молдабаева К.Р.
II орын – «Болашақ шамшырақ» тобы (Халықаралық «ORDA» колледжі), жетекшісі: Досжанова Ж.С.
III орын – «Шамшырақ» тобы («Болашақ» университетінің жоғары колледжі), жетекшісі: Қанибайқызы А.
«Ізденімпаз маман» номинациясы – «ОйLike» тобы (Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі), жетекшісі: Қайратқызы А.
«Зерделі маман» номинациясы – «Білім бастауы» тобы (Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі), жетекшісі: Омарова Г.К.
«Шығармашыл маман» номинациясы – (Абылай хан атындағы жоғары колледжі), жетекшісі: Нағыметова А.Р.
Іс-шараның үйлестірушілері – «Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар» бөлімінің арнайы пән оқытушылары Алибаева А.Е. және Қалауова Ж.Д.
