ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ: СТУДЕНТТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны және “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық дәріс өткізілді.
Іс-шара «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік-құқықтық және психологиялық кеңес беру» тақырыбында өтті.
Кездесуді Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Абдулғазиз Сәкен Адайбекұлы жүргізіп, студенттерге:
отбасылық құндылықтарды сақтау;
тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері мен заңдық жауапкершілік;
өз құқықтарын білу және қорғау жолдары;
қауіптің алдын алу және көмек сұрау алгоритмдері жөнінде кең көлемді мәлімет ұсынды.
Сондай-ақ прокурор жастарға нақты өмірлік мысалдар келтіре отырып, құқықтық мәдениетті нығайтудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби құқықтық және психологиялық кеңес алды.
