ЕҢ ӘСЕРЛІ ДЕФИЛЕ — ORDA-ДА
Түркістан қаласында кәсіби білім беру мен оқытудың 90 жылдығына арналған халықаралық «Мерей FEST» фестивалінде Халықаралық «ORDA» жоғары колледжі айқын жетістікке қол жеткізді. Колледжіміз «Ең әсерлі дефиле» номинациясын жеңіп алып, шығармашылық әлеуетін, кәсіби мәдениетін және білім беру саласындағы сапалы дайындығын халықаралық деңгейде дәлелдеді.
Колледжіміздің арнайы пән оқытушылары:
Маликова Жансая Бақытбековна;
Алтаева Ханипа Ташбаевна
Халықаралық «Мерей FEST» алаңында ORDA колледжінің намысын абыроймен қорғап, кәсіби ұстанымы мен шығармашылық көзқарасын таныстырды.
ORDA — өңірлік ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде танылған, заманауи еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлайтын инновациялық білім ордасы. Фестивальге қатысу — колледж ұжымы мен студенттерінің кәсіби дамуға, үздік тәжірибеге және шығармашылық ізденіске деген тұрақты ұмтылысын көрсетті.
Халықаралық «Мерей FEST» ұйымдастырушыларына жоғары деңгейдегі қабылдауы мен кәсіби ілтипаты үшін,
ORDA колледжінің оқытушыларына еңбегі, жауапкершілігі және жоғары нәтижесі үшін алғыс білдіреміз!
