М.ДУЛАТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 140 ЖЫЛ: танымдық тәрбие сағаты өтті.
24 қараша күні ББ-9-13г оқу тобында қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай танымдық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында студенттер ұлт тұлғасының өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен жан-жақты танысты. Міржақып Дулатұлының ел тәуелсіздігі жолындағы қажырлы еңбегі, қайраткерлік ұстанымы, ұлт руханиятына қосқан зор үлесі кеңінен талқыланды. Шарада ұлы тұлғаның өмірі мен күрескерлік бейнесін арқау еткен «Міржақып. Оян, қазақ» фильмінен бейнеүзінділер көрсетіліп, студенттердің тарихи көзқарасын тереңдетуге мүмкіндік жасалды.
Көрме бөлімінде қайраткердің суреттері, кітаптары, баспасөз материалдары және ақпараттық-танымдық таратпалар ұсынылып, қатысушылар деректерді тереңірек зерделеу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл танымдық тәрбие сағаты жастарға Міржақып Дулатұлының өнегелі ғұмырын үлгі етіп, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған мәнді әрі мазмұнды шара.
Топ жетекшісі - Алибаева А.Е.
