25 қараша Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері қатысып, колледждің 300-ге жуық білім алушысына академияның оқу үдерісі, мамандықтарының сұранысы мен ерекшеліктері туралы кең көлемді ақпарат берді.
Шара барысында академия өкілдері құқық қорғау саласына оқуға қабылдау талаптары, емтихан кезеңдері, оқу барысы және түлектердің болашақ қызметтік мүмкіндіктері жөнінде толық түсіндірме жасады. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Кездесу түлектердің саналы мамандық таңдауына ықпал етіп, кәсіби бағдарын нақтылауға мүмкіндік берді. Колледж ұжымы студенттердің болашағына бағытталған осындай мазмұнды іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.
Ұйымдастырушы - директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Е. Бекенова
