ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Халықаралық «ORDA” жоғары колледжінде қала аумағындағы қылмыстылықтың алдын алу бағытында сала мамандарымен кездесу өтті.
Жиынның негізгі мақсаты — құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру.
Кездесуге облыстың құқық қорғау құрылымдарының басшы қызметкерлері:
Облыстық полиция департаменті Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы;
Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы;
Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Жүсіпбеков Азамат Нұрлыбекұлы;
Қызылорда облысы полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Абдразақова Раушан Есенжоловна;
Облыстық прокурорлар — Абдраманова Жанар Бахтияровна және Бөлекбай Еркін Мәлікұлы;
Қызылорда облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлім басшысы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы қатысты.
Сонымен қатар жиынға қаламыздағы колледждердің басшылары, тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары және студенттер шақырылды.
Кездесу барысында прокурорлар мен полиция қызметкерлері нақты мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық салдарларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен бірге білім беру ұйымдарымен бірлескен алдын алу шараларын жүйелеу, оқу орындарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы ұсыныстар берілді.
Іс-шара соңында студенттер мамандарға сұрақтар қойып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған кеңестер алды. Жиын қылмыстың алдын алуға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызын айқындап, құқықтық тәрбие бағытындағы іс-қимылдарды жүйелеуге негіз болды.
