«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ
2025 жылғы 3–12 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық чемпионатында еліміздің ең үздік жас мамандары 45 құзыреттілік бойынша өзара бақ сынамақшы. Жыл сайынғы бұл дода техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қабілетті жастардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Чемпионатта Қызылорда өңірінен “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” құзыреттілігі бойынша АҚ-9-12 оқу тобының студенті Бисембай Нұрхан Бисембайұлы бақ сынайды. Қатысушының кәсіби дайындығына жетекші ұстаз Сейліханов Сәкен жауапты.
Жас маманға сәттілік тілейміз! Өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижемен оралуына тілектеспіз!
