• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.11.2025
  • 8

ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕСІ

“Қонақ үй бизнесі” мамандығының ҚШ-9-14Г оқу тобының 2 курс студенттері дуальді оқыту жүйесі аясында кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында өндірістік тәжірибеден өтуде. Бекітілген оқу-жұмыс жоспарына сәйкес студенттер бүгінде Қызылорда қаласындағы қала тарихымен біте қайнасқан “Қызылорда” қонақ үйінде тәжірибе жинақтап жатыр.
Өндірістік тәжірибе барысында студенттер қонақ үй қызметін ұйымдастырудың барлық кезеңдерін меңгеріп, қабылдау және орналастыру бөлімі, әкімшілік қызмет, нөмір қорын басқару, сервис көрсету сапасы бойынша білімдерін тәжірибеде бекітуде. Әр студент күнделікті жұмыс үдерісіне қатыса отырып, қонақтарды қарсы алу, брондау жүйесімен жұмыс істеу, стандартқа сай қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіруде.
Тәжірибе мазмұны оқу бағдарламасындағы маңызды оқыту нәтижелерін қамтиды. Атап айтқанда:
– қонақ үйдің халықаралық және ішкі стандарттарын сақтау,
– қызмет көрсету сапасын бақылау және жетілдіру,
– командамен тиімді қарым-қатынас орнатып, көшбасшылық қабілеттерді көрсету.
Осы тұста жарты ғасырлық тарихы бар “Қызылорда” қонақ үйінің тәжірибелі мамандары студенттердің кәсіби қалыптасуына зор қолдау көрсетіп, теориялық білімді нақты өндірістік ортада қолдануға мүмкіндік жасап отыр. Мекеме қызметкерлері болашақ мамандардың тәжірибесін тереңдетуге, қызмет көрсету мәдениеті мен этикасын меңгертуге ерекше мән беруде.
Тәжірибе жетекшісі - Г.Қосбармақова