• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.11.2025
  • 6

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КҮНІ

Бүгін колледжімізге №144 Сақтапберген Әлжіков атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары келіп, оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасымен және мамандықтарымен жан-жақты танысты.
Таныстыру жұмыстарын колледжіміздің белсенді студенттерінен құралған “ORDA мамандық навигаторлары” командасы жүргізді. Команда құрамында ШТ-9-15г тобының студенттері Бақберген Сая, Кеңес Дильяра, ББ-9-15г тобының студенті Бахытбек Ақзере, ДШ-9-15г тобының студенті Алтынбек Алихан және Т-9-14г тобының студенті Нұрғазы Жаңагүл болды. Олар колледждің мамандықтары, оқу мүмкіндіктері және жетістіктері туралы кеңінен ақпарат беріп, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар ұсынды.
Сонымен қатар оқытушылар А. Сәкенова, Б. Мүсірәлі, Ғ. Мұратбаев, А. Әлібаева оқу орнымызға құжат тапсыру талаптары, қабылдау ережелері мен кезеңдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу мектеп оқушыларының болашақ мамандықты саналы таңдауға деген қызығушылығын арттырып, колледжіміздің білім беру мүмкіндіктерімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушы - директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары А.Е. Бекенова