АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының бірлесуімен атқарушылық іс жүргізуді халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға колледждің «Құқықтану» мамандығында білім алып жатқан З-9-13 және З-9-14 оқу топтарының студенттері қатысты.
Кездесу барысында жеке сот орындаушыларының әрекеті немесе әрекетсіздігі бойынша шағым білдіру тәртібі, атқарушылық параққа қарсы пікір жазу жолдары және осы бағыттағы құқықтық мүмкіндіктер жан-жақты түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты әрі мазмұнды жауап алды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық палатамен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізудің қолжетімділігін және ашықтығын арттыру мақсатында іске қосылған AdiletGov мобильдік қосымшасының қызметтері таныстырылды.
Кездесуде қосымшаны қолдану тәртібі түсіндіріліп, оның артықшылықтары атап өтілді:
атқарушылық іс жүргізу барысы туралы өзекті ақпаратты ыңғайлы форматта алу;
қабылданған шаралармен танысу;
өтініштер мен шағымдарды онлайн форматта жолдау;
жіберілген өтініштер мен шағымдардың қаралу мәртебесін бақылау мүмкіндігі.
Бұл кездесу студенттердің құқықтық сауатын арттырып, атқарушылық іс жүргізу саласындағы маңызды ақпаратпен қамтамасыз етті.
Жауапты оқытушылар: Кемелбеков М.Е., Жусупова Б.М.
