«ҮЗДІК ЖАЛПЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ – 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТ
Қызылорда облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №34-нқ бірлескен шешіміне сәйкес, 28 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Үздік жалпы пән оқытушысы – 2025» облыстық байқауы ұйымдастырылып, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) базасында өткізілді.
Байқау педагог мәртебесін арттыру, жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының кәсіби шеберлігі мен тәжірибесін кеңінен насихаттау, авторлық әдістемелерді көпшілікке таныстыру мақсатында өткізілді. Шараға өңіріміздің колледждерінен 18 үміткер қатысып, өз кәсіби дайындығын, шығармашылық әлеуетін және әдістемелік ізденісін көрсетуге мүмкіндік алды.
Байқау үш кезең бойынша бағаланды:
І кезең – «Мен және қоғам»: қатысушылардың өзіндік таныстырылымы;
ІІ кезең – «Әдістемелік жоба»: авторлық бағдарлама немесе әдістемелік жұмыстың тәжірибелік таныстырылымы;
ІІІ кезең – «Мультимедиялық технологиялар»: цифрлық платформаларды қолдану арқылы практикалық тапсырма орындау.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз оқытушылар :
І орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Тютебаева Жанар Үсенбекқызы;
ІІ орын – Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің оқытушысы Беген Дәулетбек Бегенұлы;
ІІ орын – Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы Қонысбай Эльмира Әбдірахманқызы;
ІІІ орын – Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы Қзылходжаева Нурия Хамзаевна;
ІІІ орын – Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Танжарикова Газиза Турсынбековна.
Жеңімпаздар дипломдармен және облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Әріптесіміз Дәулетбек Бегенұлын жеңісімен құттықтаймыз!
