ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны өткізіледі.
Осы бағыт аясында колледжімізде студенттермен мазмұнды кездесу ұйымдастырылып, гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, алдын алу жолдары мен құқықтық қорғану тетіктері толық түсіндірілді. Кездесу теориялық ақпаратпен қатар практикалық кеңестер мен ашық пікір алмасуға негізделді.
Кездесуге төмендегі сала мамандары қатысты:
Ерболат Айгерім Ерболатқызы – Қалалық полиция басқармасы, Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры;
Алихан Асель Сайлауқызы – Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы;
Алтаева Арай Ғалымжанқызы – Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог маманы;
Жусупбаева Дина Маратқызы – «Ана үйі» қоғамдық қорының директоры.
Мамандар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын дамыту бағытында жан-жақты ақпарат берді. Әр маман өз тәжірибесінен нақты жағдайларды мысалға келтіріп, жастарға өмірлік маңызды кеңестер ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер еркін сұрақ қойып, мамандармен ашық диалог орнатты. Бұл кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен эмоционалдық амандығына оң әсерін тигізді.
Осындай түсіндіру жұмыстары қауіпсіз қоғам қалыптастыруға, жастардың жауапкершілігін арттыруға және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды шара болып табылады.
