• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 30.11.2025
  • 10

«ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ КІТАБЫМ» АТТЫ ӘДЕБИ ТАЛДАУ ӨТТІ

28 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана Халықаралық «ORDA» жоғары колледжімен бірлесіп «Ең қызықты кітабым» атты әдеби талдау ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем әдебиеттің құндылығын кеңінен таныстыруға бағытталған мазмұнды талқылаулар болды.
Қатысушылар өздері оқыған шығармалар туралы пікірлерін ортаға салып, кітап оқудың адам дамуына тигізетін әсері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, олар ұсынған үздік деп танылған туындылар басқа оқырмандарға оқуға кеңес ретінде берілді.
Іс-шара аясында оқырмандарға «Кітап оқы, кемелден!» атты кітап көрмесі ұсынылып, қызықты басылымдармен танысу мүмкіндігі жасалды.