• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 02.12.2025
  • 1

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ЖЕТЕКШІСІ – ҮЗДІК БАПКЕР АТАНДЫ

24–28 қараша күндері Шымкент қаласында өткен орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық спартакиадасында, КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, академик, педагогика ғылымдарының профессоры Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевтың 83 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыста үстел теннисі бойынша чемпион атанған Халықаралық “Orda” жоғары колледжі командасының жетекшісі Какпанов Нұрғазы Қанатұлы спартакиада төрешілерінің шешімімен «Үздік бапкер» номинациясымен марапатталды.
Спартакиадада жоғары спорттық дайындық пен кәсіби шеберлік үлгісін көрсеткен Халықаралық “Orda” жоғары колледжі командасының ойыншысы Баймбетов Нұржанға арнайы диплом табысталды.
Жарайсыңдар, жігіттер! Құттықтаймыз!