• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.12.2025
  • 11

БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ: «ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТКЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ

Халықаралық “ORDA” жоғарғы колледжінде буллингтің алдын алу және студенттерге қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында 1-курс білім алушыларына түсіндірме жұмысы өткізілді. Іс-шара «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ кибербуллингтің қазіргі қоғамдағы қауіптері жайлы толыққанды мәлімет беруге бағытталды.
Шара барысында студенттерге өзара сыйластық мәдениеті, құрдастар арасындағы дұрыс қарым-қатынас нормалары және конфликт жағдайында сауатты әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сарапшылар буллингтің алдын алу тетіктерін, оның жеке тұлға дамуына әсерін және эмоциялық қауіпсіздікті сақтау әдістерін жан-жақты талдап берді.
Сонымен қатар бейнематериал көрсетіліп, интерактивті пікірталас ұйымдастырылды. Студенттер өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды талқылап, ортақ шешім шығару тәжірибесін қалыптастырды. Талқылау барысында олар өз құқықтары мен міндеттері, қауіпсіз қарым-қатынас ережелері және жауапкершілік мәдениеті туралы тереңірек түсінік алды.