• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.12.2025
  • 11

ОТБАСЫ ҚОЛДАУЫ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМНІҢ САНАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ

Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің ШТ-9-15г оқу тобында «Ата-аналарға деген сенім: өмірде маңызды шешімдер қабылдауға әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада студенттердің ата-анамен сенімді қарым-қатынас орнатуы, отбасыдағы сыйластық пен қолдаудың өмірлік таңдауларға ықпалы кеңінен қарастырылды.
Тәрбие сағаты барысында қатысушылар «сенім» ұғымының мәнін ашып, үлкендердің өмірлік тәжірибесінің жасөспірімнің даму жолында қандай рөл атқаратынын талқылады. Топтық жұмыс пен пікірталас кезінде студенттер ата-анамен ашық сөйлесудің жеке шешім қабылдаудағы маңызын мысалдар арқылы көрсетті. Әр түрлі жағдаяттық тапсырмалар арқылы олар ата-ананың ақылы мен қолдауы қиындықты еңсеруде, дұрыс бағыт таңдауда шешуші құрал болатынын атап өтті.
Топ жетекшісі: Казиева А.Н.