• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.12.2025
  • 19

ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ ЖӘНЕ ДҰРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ

МТ-9-13г оқу тобында студенттер арасында өзара сыйластықты, ашық коммуникацияны және тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мазмұны топ ішіндегі түсіністік, сенім, өзара қолдау және қауіпсіз орта құрудың маңызын ашуға арналды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер бір-бірімен дұрыс әрекеттесу, эмоцияларды басқару, пікірді құрметтеу, өз ойын еркін жеткізу сияқты әлеуметтік дағдыларды тәжірибе арқылы меңгерді. Рөлдік ойындар, талқылаулар және практикалық жаттығулар арқылы қатысушылар конфликтілерді бейбіт жолмен шешу тәсілдерін, топ ішіндегі жағымсыз мінез-құлыққа қарсы әрекет ету жолдарын және буллингтің алдын алу механизмдерін игерді.

Сонымен қатар, топтық пікір алмасу арқылы өзара тыңдау мәдениетін дамытуға, бір-біріне қолдау көрсетуге және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға дағдыланды. Қоғамда да, оқу орнында да конструктивті қарым-қатынас орнатудың маңызын терең түсініп, буллингтің кез келген түрін болдырмау жолдарын меңгерді.
Топ жетекшісі: А.Б. Ләзи