“ORDA” СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОРЕЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ



Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің қабырғасындағы білім сапарын шетелдік тәжірибемен ұштастыруға бағытталған маңызды жаңалықпен бөлісеміз.
Колледжінде білім алып жатқан БҚ-9-12г тобының студенттері Ә.Ж. Жарқын мен Б.Б. Әбжаппар, БҚ-9-32г тобының студенті Е.Ж. Жүрсін, сондай-ақ АҚ-9-12г тобының студенті Н.Б. Бисембай ағымдағы жылдың 09–22 желтоқсан күндері Оңтүстік Корея мемлекетінде ұйымдастырылған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтеді.
Бағдарлама Халықаралық «Global Sapa» академиясы ұйымдастыруымен Seojeong университетінде жүзеге асырылады. Студенттер 144 сағат көлемінде оқу үдерісіне қатысып, IT және жасанды интеллект бағыттары бойынша (Big Data, IoT, VR/AR, киберқауіпсіздік) кәсіби білімін жетілдіреді.
Тағылымдама аясындағы негізгі бағыттар:
Оңтүстік Кореяның халықаралық білім беру кеңістігінде кәсіби дағдыларды арттыру;
Гранттық оқуға үміткер болу мүмкіндігін қарастыру;
Қос диплом бағдарламалары бойынша әлеуетті қолдау алу;
Кореяның жетекші университеттерімен және колледждерімен байланыс орнату;
Samsung, Hyundai, LG, POSCO сияқты ірі корпорациялардың тәжірибесімен танысу.
Бұл халықаралық бағдарлама студенттердің кәсіби дамуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және болашақтағы академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.
Халықаралық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алған студенттерімізге сәттілік тілейміз
