• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.01.2026
  • 55

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Құқықтық мәдениет пен заңға құрмет – саналы қоғамның негізгі алғышарттарының бірі. Осы мақсатта ЕТ-9-33г оқу тобында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың зардаптарын түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру басты мақсат етілді.
Тәрбие сағаты кезінде құқық бұзушылықтың негізгі түрлері қарастырылды:
Әкімшілік құқық бұзушылықтар: қоғамдық тәртіпті бұзу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында темекі шегу, бейпіл сөйлеу.
Қылмыстар: қоғамға қауіпті әрекеттер, Қылмыстық кодекспен жазаланатын іс-әрекеттер – ұрлық, тонау, денсаулыққа зиян келтіру.
Тәртіптік бұзушылықтар: сабақтан себепсіз қалу, оқу немесе еңбек тәртібін бұзу, оқу орнының мүлкіне ұқыпсыз қарау.
Азаматтық-құқықтық бұзушылықтар: мүліктік және мүліктік емес қатынастарды бұзу, қарызды қайтармау, жалған ақпарат тарату, келісімшарт талаптарын орындамау.
Студенттерге әкімшілік жауапкершілік 16 жастан, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ерекше ауыр қылмыстар үшін 14 жастан басталатыны ескертілді. Іс-шара соңында «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» қағидасының маңызы атап өтілді.
Тәрбие сағаты жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілікті сезінуіне және заң талаптарын ұстануға бағытталған мазмұнды іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.
Топ жетекшісі: Омарова П.К.