• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.01.2026
  • 29

АТА-АНАҒА СЕНІМ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК ТАҢДАУ

ШТ-9-15г оқу тобында ата-аналарға деген сенімнің тұлға қалыптасуындағы және өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудағы рөліне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер ата-анамен өзара сенімді қарым-қатынастың маңызы, үлкендердің өмірлік тәжірибесінің құндылығы және сол тәжірибеге сүйене отырып дұрыс таңдау жасай білудің қажеттілігі туралы кеңінен ой қозғады. Отбасы – тәрбие мен өмірлік бағдардың бастауы екені атап өтілді.
Сонымен қатар, «сенім» ұғымы жан-жақты талқыланып, ата-ананың қолдауы мен ақыл-кеңесінің шешім қабылдау процесіне тигізетін оң ықпалы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Топтық жұмыстар, жағдайлық тапсырмалар және ашық диалог форматындағы пікір алмасулар студенттердің белсенділігін арттырып, өз ойларын еркін әрі дәл жеткізуіне мүмкіндік берді. Студенттер өмірлік таңдаулар кезінде ата-анамен кеңесудің жауапкершілік пен сенімділікті қалыптастыратынын атап өтті.
Тәрбие сағаты білім алушылардың отбасы құндылықтарына деген құрметін нығайтып, саналы әрі салмақты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде өтті.
Топ жетекшісі: Казиева А.Н.