• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 24.01.2026
  • 28

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

23 қаңтар күні Халықаралық «Orda» жоғары колледжінің 25 жылдық мерейтойы аясында колледж оқытушылары арасында ұйымдастырылған дәстүрлі «СЕРГЕКТІК ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ – 2026» спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Үш күнге созылған бұл ауқымды спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттауға, оқытушылардың спорттық белсенділігін арттыруға, ұжым ішіндегі өзара ынтымақтастық пен командалық бірлікті нығайтуға бағытталды. Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты да қызықты бәсекеге толы өтті.
Жарыс барысында қатысушылар 6 спорт түрі бойынша өзара бақ сынасып, ептілік, төзімділік, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсете білді. Әрбір команда белсенділік танытып, әділ әрі тартысты ойын көрсетті.
 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
 ГРАН ПРИ – «Педагогика және гуманитарлық пәндер» бөлімі;
 І орын – «Ақпараттық технологиялар» бөлімі;
 ІІ орын – «Техникалық мамандықтар» бөлімі;
 ІІІ орын – «Жалпы білімдік пәндер» бөлімі.
 Барлық қатысушыларды және жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп сенім білдіреміз. Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік пен белсенділік – ұйымшыл ұжымның негізі.