• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 26.01.2026
  • 34

АДАМ САУДАГЕРЛЕРІНЕН САҚТАНУ ДАҒДЫЛАРЫ

ҚТ-9-14Г оқу тобында «Адам саудагерлерінен сақтану дағдылары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шара барысында адам саудасының қоғамдағы өзекті әрі қауіпті құбылыс екені түсіндіріліп, студенттердің жеке қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға, күмәнді жағдайларды дер кезінде байқай білуге және саналы шешім қабылдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Тәрбие сағаты слайдтық таныстырылыммен басталып, онда адам саудасының мәні, оның түрлері, адам өміріне тигізетін кері әсері және сақтану жолдары жүйелі түрде баяндалды. Ақпарат нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, студенттердің күнделікті өмірде кездесуі мүмкін қауіптерге назар аударылды.
Келесі кезеңде тақырыпқа байланысты дайындалған видеоролик көрсетілді. Бейнематериал адам саудасының салдарын ашып көрсетіп, студенттердің ой-пікір қалыптастыруына әсер етті. Видеоны талқылау барысында қатысушылар өз көзқарастарын білдіріп, маңызды тұстарға тоқталды.
Шараны жүргізген екі студент адам саудасының белгілері, күмәнді ұсыныстарды ажырату жолдары және көмекке жүгіну тәсілдері бойынша қорытынды ақпарат ұсынды. Қалған студенттер сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысып, тақырыпты тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды.
Тәрбие сағаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігін сақтауға саналы түрде қарауына ықпал етті. Шара мазмұнды өтіп, қатысушыларға өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақ болудың маңызын ұғындырды.
Топ жетекшісі: Ж.Тоқатова